ДИЕТА №5

БАУЫР МЕН ӨТ ҚАЛТАСЫНЫҢ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН

№ 5 арнайы емдік диета – бауыр және/немесе өт қалтасымен байланысты аурулар, өттің іркілуі кезінде дәрігер тағайындайтын бірінші нәрсе. Біз сізге № 5 диеталық үстел кезінде не жеуге болатындығын және неге тыйым салынғаны туралы айтып береміз.

Бауыр диетасы, көбінесе № 5 диеталық үстел деп аталады, көптеген жылдар бойы өзін бауыр мен өт қалтасының аурулары, өт жолдарының бітелуі пайда болған кезде терапияның шынымен тиімді әдісі ретінде көрсетті.

Бұл емдік диетаны 100 жыл бұрын атақты гастроэнтеролог Мануил Певзнер жасап шығарған. Дәрігер көптеген жылдар бойы пациенттерін және олардың тамақтану режимін бақылап, диеталарды ақырын түзетіп, оңтайлы өнімдер жиынтығын және оларды өңдеу ережелерін таңдады.

№5 емдік тамақтанудың басты мақсаты – бауырды қалпына келтіру, өт жолдарының жұмысын реттеу. Жұмсақ бауыр диетасының арқасында тамақ алмасу процессі дұрысталады және ішек қызметі қалыпқа келеді.

 №5 емдік диета үшін көрсетілімдер

№5 диеталық үстел белгілі бір аурулары бар адамдарға тамақтануды түзету ретінде ғана емес, сонымен қатар ағзаның гепатобилиарлық жүйесінің ауруларын алдын-алу шарасы ретінде де қолданыла алады.

Диета тағайындалатын негізгі аурулар:

  • созылмалы холецистит
  • бауыр тінінің созылмалы қабынуы
  • өт тас ауруы
  • цирроз
  • панкреатит
  • бауыр және/немесе өт қалтасының тіндеріндегі қабыну процесі

Диетаның орташа ұзақтығы бір жарым жылдан 2 жылға дейін.

Маңызды!

№5 бауыр диетасы аурудың өткір кезеңінде қолданылмайды. Тамақтанудың бұл түрін аурудың созылмалы түрінде және қалпына келтіру терапиясы кезінде ғана қолдануға болады.

Диета мүмкіндігінше тиімді болатын 8 негізгі фактор:

Ең қолайлы және ағза мүшелерін тітіркендірмейтін химиялық құрамы

Майлар мен эфир майлары көп тағамдарды қолдануға тыйым салынады

Тұздың тәуліктік тұтынылуын шектеу –2 шай қасықтан артық емес

Көкөністерді, тамырлары бар етті мұқият ұсақтау және оларға механикалық әсер ету

Өнімдер буға пісіріледі, қайнатылады, көмпештеледі, кейде бұқтырылады және ешбір жағдайда қуырылмайды

Қабылдауға дайын тамақтың температурасы 20-дан төмен және 60 °С-тан жоғары болмауы тиіс

Тамақты бөліп ішу ұсынылады: күніне 5-6 рет

Дайын тағамдардың калориялығы – тәулігіне 2300 ккал артық емес

Ұсынылатын және тыйым салынған өнімдер кестесі

Өнімдердің тобыҰсынылған өнімдерТыйым салынған өнімдер
Құс және етҚоян, күркетауық, терісі жоқ тауық, майсыз бұзау етіМайлы ет: шошқа еті, үйрек, қаз, шұжықтар, паштеттер, субөнімдері, ет консервілері
Балық және теңіз өнімдеріМайсыз теңіз балықтары мен теңіз өнімдерінің барлық түрлері, майсыз өзен балығыҚуырылған, ысталған, тұздалған, консервіленген балық, балық уылдырығы
ЖұмыртқаларЖұмыртқа ақуызы, ақуыздан жасалған омлеттер, шала пісірілген жұмыртқа, күніне тағамға қосылған ең көп дегенде 1 сарыуызҚуырылған, бітеу пісірілген жұмыртқа. Өт тас ауруы кезінде - күніне тағамға қосылған 0,5 сарыуызға дейін.
Сүт өнімдеріЖартылай майлы және майсыз сүт өнімдері: сүт, айран, ұйыған сүт, сүзбе және одан жасалған тағамдар, ащы емес және майсыз ірімшікМайлы тағамдар: қаймақ, кілегей, майлы айран, майлы және тұзды ірімшіктер, майлы сүзбе, балмұздақ
МайларПорцияға бір шай қасықтан өсімдік майлары: тағамға 1 шай қасықтан күнбағыс, зәйтүн, жүгері, рапс, зығыр, сары майМаргарин, кокос және пальма майы, шошқа майы, аспаздық май
Көкөністер, жемістерЖаңа піскен және мұздатылған, шикі, қайнатылған, бұқтырылған, қышқыл емес жаңа піскен жидектер, Кептірілген жемістер. Бумен өңдеуден өткен пиязСақтықпен жидектер, қышқыл жемістер, хош иісті шөптер, алқатұқымдастар, жаңа піскен пияз және сарымсақ, шикі ақ қырыққабат, жүгері, қымыздық, асжапырақ, шалғам және шомыр, саңырауқұлақтар, маринадталған және тұздалған көкөністер, консервіленген жемістер
СорпаларКөкөніс, балық сорпасы, көкөніс қайнатпасындағы жармадан жасалған сорпаларБалық, ет, саңырауқұлақ сорпалары, қою майлы сорпалар, қымыздық қосылған сорпалар, қышқыл щи және сорпалар
ЖармаӘр түрлі жармалар және қайнатылған макаронБұршақ тұқымдастардың барлық түрлері: бұршақ, үрмебұршақ, асбұршақ, жасымық, соя
ЖаңғақтарКаштан, бадам, грек жаңғағы, орман жаңғағыШемішке, жержаңғақ, кешью, пісте
СусындарCұйық жасыл және қара шайлар, газдалмаған минералды су, тәтті емес морстар, дәнді кофе сусыныКофе, тәтті газдалған сусындар, какао, спирттік ішімдіктер, консервіленген шырындар мен компоттар, салқын сусындар
Нан мен ұннан жасалған өнімдер1-ші және 2-ші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан, кеше пісірілген еленген және кебекті ұннан жасалған қара бидай наны. Пісірілген ет, балық, сүзбе, алма қосылған майқоспалы емес өнімдер. Қатты иленген қамырдан жасалған печенье, құрғақ бисквитЖаңа ғана піскен нан, қатпарлы және майқоспалы қамыр өнімдері, қуырылған бәліштер, майлы крем қосылған торттар, печеньелер

Урсодекс®Жүктілік кезінде: жүктілік кезінде қолдануға болмайды.Лактация кезінде: егер препаратты қолдану қажет болса, емізуді тоқтату керек.

Урсодекс® Форте. Жүктілік кезінде: Урсодекс® Форте жүктілік кезінде айқын қажеттіліксіз қолдануға болмайды.Лактация кезінде: емізетін әйелдердің сүтіндегі урсодезоксихол қышқылының концентрациясы аз; осылайша, емшек сүтімен емізу кезінде балаларда жағымсыз реакциялардың пайда болуы екіталай.

Қарсы көрсеткіштер: 6 жасқа дейінгі балалар.

Пайдалану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығыныз. Өз бетімен емделу денсаулығыңызға зиян тигізуі мумкін.

Урсодекс®. ҚР-ДЗ-0№025578 28.01.2022 жылдан басталады,қолдану мерзімі шектеусіз

Урсодекс® Форте. ҚР-ДЗ-5№018295 26.06.2019 жылдан басталады,қолдану мерзімі шектеусіз