Оң жақ қабырға астындағы ауырлық: ауырсынудың негізгі себептері және не істеу керек?
Кейде бауыр «ашулана» бастайды. Және бұл ашулану өте жағымсыз белгілермен көрінеді, атап айтқанда: оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімімен, бүйірдегі ауырсынумен және керіп ауырумен. Неліктен бауыр ауырады және ол ауырғанда не істеу керек? Осыны анықтап көрейік.
Бауыр дұрыс қызмет атқармағанда пайда болатын ауру сезімдерін мамандар «Оң жақ қабырға асты синдромы» пеп атайды. Олар оң жақ қабырға астындағы ауырсынумен, бүріп ауырумен, бүйірдегі ауырлықпен, керіп ауырумен, өткір шаншумен сипатталады.
Өкінішке орай, тіпті тәжірибелі дәрігер де мәселенің себебі мен ауырлығын бір ғана белгі бойынша анықтай алмайды. Толық суретті анықтау үшін сізге белгілі бір зерттеулерден, талдаулардан өту керек.
ОҢ ЖАҚТАҒЫ АУЫРСЫНУДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ СЕБЕПТЕРІ
Жоғарыда аталған белгілер біздің ағзамыздың ең маңызды мүшелерінің бірі – бауырдың жұмысындағы проблемаларды ғана емес, сонымен қатар басқа мүшелердің жұмысындағы ақаулардың көрінісі бола алатындығын білдіңіз бе?
Оң жақтағы ауырсыну келесі себептерге байланысты пайда болуы мүмкін:
- Бауырдың физиологиялық үлкеюі;
- Өт қалтасының, ұйқы безінің және АІЖ-нің басқа мүшелерінің жұмысындағы проблемалар;
- Ас қорыту жолына жатпайтын мүшелердің аурулары.
Егер оң жақ қабырға астындағы ауырсыну көбінесе тұрақты емес қарқынды физикалық жаттығулардан кейін мазалайтын болса, онда бұндай жағдай бауырдың физиологиялық үлкеюіне байланысты пайда болады. Дененің белсенді әрекеттері кезінде қан айналымы артады. Бұл тамырлардың, соның ішінде бауырдың кеңеюіне әкеледі. Тиісінше, орган үлкейіп, өзінің сезімтал қабығы – капсулаға қысым жасай бастайды, ал бұл өз кезегінде ыңғайсыздықты тудырады.
Дәл осындай белгілер болашақ аналарда, сондай-ақ етеккір жақындаған кезде кейбір сезімтал әйелдерде пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда оң жақ қабырға астындағы ауырлық туралы алаңдаудың қажеті жоқ және мұндай жағдай емдеуді мүлдем қажет етпейді.
Өт қалтасының және оның жолдарының жұмысындағы ақаулар да оң жақ қабырға астындағы жағымсыз белгілерді тудыруы мүмкін. Өт қалтасындағы патологияда ауырсыну жүрек айнуы мен ауыздағы күйік сезіммен бірге жүруі мүмкін. Бұл кезде уақытылы тексеруден өту және осы органда тастардың немесе патологиялардың болуын немесе болмауын анықтау маңызды.
Ұйқы безінің дұрыс жұмыс істемеуі мүшенің оң жаққа жақын болғанына қарамастан, оң жақ қабырға астындағы ауырсынумен де көрінуі мүмкін. Бірақ ауырлық пен бұрап ауырудан басқа, ұйқы безіндегі қабыну көбінесе дене температурасының жоғарылауымен, жүрек айнуымен, құсумен, диареямен және ауыздағы жағымсыз дәммен бірге жүреді.
Аш ішектің жұмысындағы ақаулар кейде оң жақтағы ауырсынумен «дабыл қағады». Бірақ бұл ретте ауырсыну, әдетте, кекірумен, іш кебуімен және жүрек айнуымен бірге жүреді.
Маңызды!
Оң жақ қабырға астындағы ауырсыну тұрақты болған кезде көп кідірмей, мәселенің себебін анықтау және дұрыс емдеуді тағайындау үшін маманға дереу хабарласыңыз.
Оң жақтағы ауырлық пен ауырсыну бүйрек, өкпе, жүрек сияқты мүшелерді тексерудің уақыты келді деп «айта» алады. Олар тіпті оң жақ невралгияның симптомдары болуы мүмкін. Алайда біз бас назарымызды бауырдағы проблемаларға аударғымыз келеді.
БАУЫРДАҒЫ АУЫРСЫНУ ТУРАЛЫ ҚАШАН УАЙЫМДАУ КЕРЕК?
Бауыр – ауруды сезетін жүйке ұштары жоқ мүше екенін бірден айтып кетейік, сондықтан ол ауыра алмайды. Ауырсыну іргелес тіндердің қабынуынан немесе жақын орналасқан мүшелердің қабынуынан пайда болуы мүмкін. Жалғыз нұсқасы – бауырдың шеті қабынған кезде бауыр циррозы немесе гепатит кезіндегі ауру.
Кейде бауырдағы ауырсыну дәрілік зақымданудан кейін пайда болады. Атауға қарап, ағзадағы проблемалар кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау нәтижесінде пайда болады деп болжауға болады. Әдетте бұл бауырға улы әсер ететін препараттар, және, өкінішке орай, бұл көбінесе салмақ жоғалтуға ықпал ететін диеталық қоспалар. Бұл синдром оң жақ қабырға астындағы сыздап аурумен сипатталады, терінің қышуымен, сарғаюмен, әлсіздікпен және күш жоғалтуымен де бірге жүруі мүмкін.
Дұрыс тамақтанбау – бауыр аймағында ыңғайсыздық пайда болуының жиі себебі. Жаттығу алдында көмірсулар немесе майлы тағамдарды шамадан тыс тұтыну да ауырсыну симптомын тудыруы мүмкін.
ОҢ ЖАҚ ҚАБЫРҒА АСТЫНДАҒЫ АУЫРЛЫҚ ПЕН АУЫРСЫНУ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Бауыр аймағы аздап ауырса, ауырсыну мен түйілуді жеңілдететін дәрі-дәрмектерді ішуге болады. Егер түйілуді басатын дәрі көмектеспесе, ауырсыну күшейіп, дене қызуы көтеріліп, оның үстіне жүрек айнуы мен құсу сияқты белгілер пайда болса– кешіктіруге болмайды! Шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну керек.
Маңызды!
Ешбір жағдайда қыздырғыш компресстерді пайдаланбаңыз – бұл мәселені одан сайын ушықтырады. Сондай-ақ, ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдауға болмайды, өйткені олар жалпы белгілерді жасырып, емдеудің керек уақытын өткізіп жіберуге әкелуі мүмкін.
Егер оң жақтағы ауырсынудың себебі бауырдың, өт қалтасының, өт жолдарының және аш ішектің бұзылуы болса, сізге урсодезоксихолий қышқылы бар препараттар көмектесе алады. Бұл қышқыл бауыр жасушаларын қорғауға көмектеседі, холестерин деңгейін төмендетеді, өт ағынын жақсартады және өт жолдарындағы холестериндік тастарды ерітеді. Бірақ мұндай препараттарды емдеуші дәрігер ғана тағайындауы тиіс.
ОҢ ЖАҚ ҚАБЫРҒА АСТЫНДАҒЫ АУЫРЛЫҚ ПЕН АУЫРСЫНУ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Кез келген дерттен ұзақ уақыт емделгеннен немесе онымен бірге өмір сүргеннен гөрі оның алдын алған дұрыс екені бәріне мәлім. Сондықтан алдын алу – ең маңыздысы! Бауыр мен АІЖ-ын қорғау үшін не істеу керек? Кеңестер қарапайым. Салауатты өмір салтын сақтаудан басқа, сізге:
- Тамақтануды пайдалы етіп реттеу керек. Мұны істеу үшін, зиянды тағамдардан толығымен бас тартуға мүмкін болмаса да, майлы, қуырылған және ысталған тағамдарды тұтынуды ең аз мөлшерге дейін азайту керек. Сондай-ақ, адам ағзасына транс майларының зияны туралы ұмытпау керек, олар өндірістік пісірілген өнімдерде мен тоқаштарда, фаст-фудтарда, жартылай фабрикаттарда көп. Қайнатылған, пісірілген, бұқтырылған және буға пісірілген тағамдарға басымдылық беріңіз.
- Диетаңызға бауыр «жақсы көретін» тағамдарды қосу керек. Бұл қырыққабат, брокколи, тәтті болгар бұрышы, пияз, дәнді кофе (күніне 2 шыны-аяқтан артық емес!), скумбрия, майшабақ, бақтақ, нәлім, ақсерке, өсімдік майлары – зәйтүн, күнбағыс, асқабақ, зығыр, ақжелкен, балдыркөк, грек жаңғақтары.
- Тұтынылатын алкогольді ішімдіктердің мөлшерін азайту керек.
- Дәрігерге жүйелі түрде қаралу, ағзаңызды тексеріп отыру, соның ішінде ішкі ағзаларға ультрадыбыстық зерттеу жасау керек.
Сонымен қатар, өз-өзіңізді емдеумен айналыспаңыз және дәрігердің рецептісіз дәрі-дәрмектерді қабылдамаңыз!
Урсодекс®. Жүктілік кезінде: жүктілік кезінде қолдануға болмайды.Лактация кезінде: егер препаратты қолдану қажет болса, емізуді тоқтату керек.
Урсодекс® Форте. Жүктілік кезінде: Урсодекс® Форте жүктілік кезінде айқын қажеттіліксіз қолдануға болмайды.Лактация кезінде: емізетін әйелдердің сүтіндегі урсодезоксихол қышқылының концентрациясы аз; осылайша, емшек сүтімен емізу кезінде балаларда жағымсыз реакциялардың пайда болуы екіталай.
Қарсы көрсеткіштер: 6 жасқа дейінгі балалар.
Пайдалану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығыныз. Өз бетімен емделу денсаулығыңызға зиян тигізуі мумкін.
Урсодекс®. ҚР-ДЗ-0№025578 28.01.2022 жылдан басталады,қолдану мерзімі шектеусіз
Урсодекс® Форте. ҚР-ДЗ-5№018295 26.06.2019 жылдан басталады,қолдану мерзімі шектеусіз