Неліктен бауыр дәрі қабылдағаннан кейін ауырады және өзіңізге қалай көмектесуге болады?

Бірде-бір рет дәрі ішіп көрмеген адамды табу мүмкін емес деп айтуға болады. Ал егер бас ауырған сайын дәрігерге барғыңыз келмейтінін ескеретін болсақ, онда біз кейбір дәрі-дәрмектерді ойланбастан қабылдағанымызда ештеңе жоқ. Нәтижесінде дәрі қабылдағаннан кейін бауыр ауырады. Неліктен олай болады?

Көптеген адамдар дәрігердің рецептісіз қандай да бір таблетканы өз бетімен қабылдауда қауіпті ештеңе жоқ деп санайды. Егер бұл бір рет орын алса, мысалы, айына бір рет бас ауырған кезде ауырсынуды басатын дәрі қабылдау болса, онда алаңдайтын ештеңе жоқ. Бірақ егер сіз кандидоз кезінде өз өзіңізге саңырауқұлаққа қарсы препаратты «тағайындасаңыз» немесе дене қызуын тез түсіргіңіз келіп, қызуды басатын дәрінің соққы дозасын қабылдасаңыз, онда бұл ең алдымен бауырыңыз зардап шегетін салдарға әкелуі мүмкін.

НЕЛІКТЕН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ОЙЛАНБАЙ ҚАБЫЛДАУ БАУЫР ҮШІН ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ?

Статистикаға сәйкес, бауыр проблемаларының анықталған әрбір 4-ші жағдайы дәрі-дәрмектің нәтижесі екенін білесіз бе? Иә-иә, бір жағынан, дәрі-дәрмектер аурумен күресу, хал-жағдайды жақсарту үшін жасалған, бірақ екінші жағынан, ойланбай қабылданған дәл сол дәрілер денсаулықтың нашарлауына және тіпті ішкі мүшелердің, соның ішінде бауырдың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

Бауыр – біздің ағзамыздың маңызды мүшелерінің бірі. Ол біздің қанымызға асқазан арқылы, ал кейбір дәрі-дәрмектер жағдайында бұлшықет тіндері бар тамырлар арқылы енетін заттарды залалсыздандыруға және бейтараптандыруға жауап береді. Бауырдың арнайы жасушалары – гепатоциттер –күрделі заттарды, ағзаға тез сіңетіндей етіп, жеңілірек заттарға ыдыратады, ал қалған «артық» заттар өт пен несеп арқылы шығарылады.

Бірақ бауыр, улы заттар тым көп болғандықтан немесе бұған дейін көп жиналғандықтан, қойылған міндетті орындамаса, оның жұмысында ақау пайда болады, және бұл ақау алдымен оң жақ қабырға астындағы ауырсынумен байқалады. Егер мұндай ақау гепатотоксикалық әсері бар дәрілерді қабылдау нәтижесінде пайда болса, онда бұл жағдай дәрі-дәрмектің әсерінен бауырдың зақымдануы деп аталады. Сондай-ақ, сіз екінші атауды да естіген боларсыз– бауырдың дәрілік зақымдануы.

БАУЫР ҮШІН ҚАНДАЙ ДӘРІЛЕР ҚАУІПТІ?

Бүгінгі таңда бауырдың жұмысына теріс әсер ететін 1000-нан астам дәрі бар. Олардың ішінде бізге өте зиянсыз болып көрінетін дәрі-дәрмектер бар. Бұл танымал:

  • ауырсынуды басатын препараттар;
  • қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер;
  • саңырауқұлаққа қарсы препараттар;
  • антибиотиктер;
  • құрамында дәрілік шөптер бар (сүйелшөп, піштен, майтамыр, алоэ вера, нони және басқалар) таблеткалар мен ББҚ
  • транквилизаторлар;
  • аритмия мен гипертония кезінде қолданылатын кейбір дәрі-дәрмектер;
  • контрацептивтер;
  • антигистаминді препараттар – аллергияға қарсы дәрілер;
  • иммуномодуляторлар.

Егер сіздің бауырыңыз дұрыс тамақтанбау және алкогольді теріс пайдалану салдарынан үнемі «шамадан тыс жүктеме» күйінде болса, заттардың детоксикациясы бұзылады. Нәтижесінде – дәрі-дәрмектердің уыттылығы артады. Бұл мүшенің қабынуына, өттің ағып шығуының бұзылуына және бауыр жасушаларының өліміне, ал одан әрі – уытты гепатитке әкеледі. Ең өкініштісі, мұның бәрі білінбей өтеді.

БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫ БОЙЫНША ҚАУІП-ҚАТЕР ТОБЫНА КІМ ЖАТАДЫ?

Бауырдың дәрілік зақымдануы қаупі көптеген факторларға байланысты. Ал егер бұл фактор бір емес, бірнеше болса, онда бауырдағы ақаулардың даму ықтималдығы едәуір артады. Қауіп-қатер тобына кіретіндер:

  1. Көрсеткіштерге сәйкес белгілі бір дәрілерді ұзақ уақыт қолданатындар;
  2. Бір мезгілде 3-тен астам препарат қабылдайтындар;
  3. Дәрілік заттардың жоғары дозаларын қабылдайтындар;
  4. Егде жастағылар (70 жастан және одан жоғары);
  5. Зат алмасуға әсер ететін генетикалық ерекшеліктері бар адамдар;
  6. Әйел жыныстағы адамдар;
  7. Жүкті әйелдер;
  8. Метаболизмдік синдромнан зардап шегетіндер (семіздік, гипертония, қант диабеті бар);
  9. Бауырдың созылмалы аурулары бар адамдар (гепатит, гепатоз, тұқым қуалайтын және иммундық проблемалар);
  10. Ішімдікке салынған адамдар.

Созылмалы күйзеліс, дұрыс тамақтанбау және асқа жарымау дәрі қабылдау кезінде бауырдың ауырсынуын тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектердің уыттылығына сіздің дәрі-дәрмектерді қабылдау тәсіліңіз де әсер ететінін атап өткен жөн. Мысалы, таблеткаларды шырынмен немесе кофемен бірге қабылдауға болмайды.

Маңызды!

Дәрі-дәрмектерді тек таза сумен қабылдау керек.

БАУЫРДЫҢ ДӘРІЛІК ЗАҚЫМДАНУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Бауырда ауруды сезетін жүйке ұштары жоқ, сондықтан ауырсыну мүшенің зақымдануының соңғы сатысында ғана мазалай бастайды. Ең алдымен не нәрсеге назар аудару керек?

  • Зәр түсі өзгеріп, қоюлана түседі, ал нәжіс түсі керісінше ашық болып өзгереді
  • Сондай-ақ, терінің және көз склерасының сарғаюы да байқалады.
  • Әлсіздік, жүрек айну, тәбеттің жоғалуы пайда болуы мүмкін.

Осы белгілердің кем дегенде біреуінің болуы сізді елең еткізіп, бауырды тексеру үшін терапевтке немесе гастроэнтерологқа шұғыл баруға себеп болуы керек.

ДӘРІ ҚАБЫЛДАҒАННАН КЕЙІН БАУЫРДЫ ҚАЛАЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ БОЛАДЫ?

Бұл тапсырманы тамаша орындайтын дәрілердің бірнеше түрі бар. Бірақ оларды дәрігердің рецепті бойынша ғана қабылдау керек!

Бұл бауыр жасушаларын қорғауға және токсиндерді шығару үшін қажетті заттардың жетіспеушілігін толтыратыру арқылы дәрілердің ағзаға зиянды әсерлерін жеңуге көмектесетін гепатопротекторлар болуы мүмкін

Сондай-ақ өт қышқылының препараттары да бауырды қалпына келтіруге көмектеседі, мысалы, құрамында урсодезоксихолий қышқылы бар препараттар. Бұл қышқыл бауырдың жасуша мембраналарына қосылуға, оларды тұрақтандыруға және бұзушы бөлшектердің әсеріне қарсы туруға қабілетті қос молекулаларды құрайды.

Бір уыс таблетка қабылдауды шешпес бұрын, бауыр туралы ойланыңыз. Бұл күшті мүше токсиндерді бейтараптандырып, оларды шығара алады, бірақ сонымен бірге оның ресурстары шектеулі. Өзіңізге және бауырыңызға қамқор болыңыз!

Урсодекс®Жүктілік кезінде: жүктілік кезінде қолдануға болмайды.Лактация кезінде: егер препаратты қолдану қажет болса, емізуді тоқтату керек.

Урсодекс® Форте. Жүктілік кезінде: Урсодекс® Форте жүктілік кезінде айқын қажеттіліксіз қолдануға болмайды.Лактация кезінде: емізетін әйелдердің сүтіндегі урсодезоксихол қышқылының концентрациясы аз; осылайша, емшек сүтімен емізу кезінде балаларда жағымсыз реакциялардың пайда болуы екіталай.

Қарсы көрсеткіштер: 6 жасқа дейінгі балалар.

Пайдалану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығыныз. Өз бетімен емделу денсаулығыңызға зиян тигізуі мумкін.

Урсодекс®. ҚР-ДЗ-0№025578 28.01.2022 жылдан басталады,қолдану мерзімі шектеусіз

Урсодекс® Форте. ҚР-ДЗ-5№018295 26.06.2019 жылдан басталады,қолдану мерзімі шектеусіз