Неге таңертеңде күйік дәмі сезіледі? Негізгі себептер мен шешімдер

Күйік дәмі – бұл өте жағымсыз сезім. Және егер осы симптом Сізді үнемі таңертең мазаласа, онда міндетті түрде дәрігерде қаралу және мәселені шиеленістірмеу үшін емделуді бастау қажет.

Таңертең кейде ауызда жағымсыз күйік дәмі пайда болатыны болып тұрады. Бұл бірнеше рет қана орын алды ма? Және бұл ретте Сіз осындай күйдің себебі кешкі уақытта майлы, қуырылған немесе ысталған тамақты мөлшерден көп жеу және ішімдікке салыну болғанын анық білесіз бе? Осындай мәселенің шешімі бар болғаны өмір салтын және тамақтануды түзету болуы мүмкін.

Ал егер таңертеңде күйік дәмі әрдайым сезілсе, не істеу керек? Неге мұндай сезім пайда болады? Қандай дәрігерге бару қажет? Осы жағымсыз симптомнан қалай құтылуға болады? Күйік дәмінен қандай дәрі ішу керек? Осы бес сұраққа жауапты Сіз төменнен таба аласыз.

НЕГЕ КҮЙІК ДӘМІ ПАЙДА БОЛАДЫ?

Жағымсыз күйік дәмі аш ішектің құрамындағысы асқазан арқылы өңешке, бұдан әрі – ауыз қуысына түсуінен пайда болады. Бұл сұйықтық негізінен өттен тұрады, сондықтан дәм сәйкесінше ащы татитынында таңданатыны жоқ.

Әдетте осындай көріністің себебі (ол үнемі емес болған жағдайда) адамның майлы, ащы және қуырылған тағамдарды, ысталған өнімдерді мөлшерден көп тұтынуы, ішімдікке салынуы немесе жатар алдында темекі тартуы жағдайындағы дұрыс емес тамақтану және зиянды әдеттер болып келеді.

НЕГЕ ТАҢЕРТЕҢДЕ КҮЙІК ДӘМІ ҮНЕМІ БОЛЫП КЕТТІ?

Кейде оянғаннан кейін күйік дәмі сезілуінің пайда болуы аурудың белгісі болуы мүмкін. Егер бұл мәселе үнемі орын алса және осыған қоса ауыздан жағымсыз иіс келсе, онда бұл бір жайтты ғана: АІЖ мүшелерінің, бауырдың, өт қабының немесе өт шығаратын жолдардың жұмысында ауыр бұзылу орын алғанын білдіреді.

Маңызды!

Таңертеңгі күйік дәмі жай ғана пайда болмайды. Осындай симптом – бұл  ағзаның мүшелері мен жүйелері жұмысының бұзылуы туралы ағза белгісі.

Осындай жағдайдың негізгі себебі холецистит, өт шығаратын жолдардың оларда тастардың түзілуінен бітелуі, гепатит, панкреатит, рефлюкс-гастрит және АІШ мүшелері жұмысында өзге мәселелер болып табылады.

КҮЙІК ДӘМІНЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ?

Бірінші ретте осындай симптомды тудыратын тағамдар мен сусындарды диетадан алып тастап немесе мөлшерін азайтып, өзіңіздің тамақтануыңызды түзету керек. Сонымен бірге, зиянды әдеттерден бас тартқан және салауатты өмір салтын жүргізуді бастаған жөн. Егер біраз уақыттан кейін жеңілдік орын алмаса, дәрігерге бару және таңертеңде күйік дәмі келуінің анағұрлым терең себебін анықтау үшін диагностикадан өту қажет.

ТАҢЕРТЕҢДЕ КҮЙІК ДӘМІ ПАЙДА БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА, ҚАНДАЙ ДӘРІГЕРГЕ БАРУ ҚАЖЕТ?

Ең алдымен, өзіңіздің терапевтіңізге бару қажет. Ол Сізді мазалаған мәселеңіз жайлы толық сұрап шығады, осындай күйдің себебін анықтауға тырысады, себептердің ішінде дұрыс емес диета мен өмір салтынан бөлек, тұқым қуалау факторы, созылмалы патологиялар болуы мүмкін. Сонымен қатар, қажетті талдаулар мен сынамаларды, ультракүлгін зерттеуді – УКЗ тағайындайды. Алдын ала диагноз қойып, терапевт емделушіні тар бейінді маманға: гастроэнтерологқа, хирургқа немесе инфекционистке (вирусты гепатит немесе паразиттер болған жағдайда) бағыттайды.

КҮЙІК ДӘМІ ПАЙДА БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ҚАНДАЙ ДӘРІ ІШУ КЕРЕК?

Ең алдымен, өз бетінше емделу денсаулық үшін қауіпті екенін есте сақтау қажет. Тек дәрігер толықтай қарағаннан және үнемі күйік дәмі келуінің себебін анықтағаннан  кейін ғана емдеу тағайындалады.

Алайда, оның көмегімен ащы ішектегі өт қышқылдарының уытты құрамын азайтуға болатын зат бар. Бұл урсодезоксихолий қышқылы. Оның негізіндегі препараттар бауыр жасушаларын қорғайды, өттің шығарылуына жағдай жасайды, холестерин деңгейін төмендетеді, өт қабында және өт шығаратын жолдарда тастардың түзілуін болдырмайды, сондай-ақ, олар бар болған жағдайда, олардың ерітілуіне мүмкіндік туғызады.

Есте сақтаңыз! Бауырды, өт қалтасын және өт шығаратын жолдарды емдеуге арналған дәрілік заттарды нақты көрсетімдер жағдайында ғана және дәрігердің қарауымен қабылдаған жөн.