Baner test

Урсодезоксихол қышқылы туралы аздаған мәлімет

Ашылу тарихы

Урсодезоксихолий қышқылы алғаш рет Ежелгі Қытай медицинасында қолданыла бастады. Қытай емшілері мен шипагерлері қара аюлардың кептірілген өтінен бауыр мен өт қалтасын емдеуге арналған дәрі дайындады. Оны ағзаны әлдендіру үшін, сондай-ақ көруді қалпына келтіру үшін де қолданды.

Бірақ аю өтінің неліктен ондай әсерінің болғаны, одан швед биохимигі Олаф Хаммарстен (О. Hammarsten) кейіннен Урсодезоксихолий қышқылы – УДХҚ деп аталған заттекті бөліп алған ХХ ғасырдың басына дейін жұмбақ болып келді. Дегенмен, оның зерттеулері осымен тәмам болды.

25 жылдан кейін, 1927 жылы, Жапон ғалымы Шода (Shoda) урсодезоксихолий қышқылының кристалын бөліп алды. Қышқыл молекуласының дәлме-дәл құрылымын және оның химиялық формуласын 1936 жылы жапондық басқа бір зерттеуші – Ивасаки (Iwasaki) ұсынды. Сөйтіп, 1954 жылы химик Каназава (Kanazawa) урсодезоксихолий қышқылын үй жануарларының өтінен синтездеді.

 

Білгенге маржан!

Қышқылдың латынша атауы Ursodeoxycholic acid «аю қышқылы» деп аударылады: ursus – «аю».

 

Медицинада урсодезоксихолий қышқылын ресми түрде 1957 жылдан бастап қолдана бастады. Ол кезде Tokyo Tanabe жапон фармацевтикалық компаниясы жоғары тазалаудан өткен урсодезоксихолий қышқылының алғашқы препаратын шығарып, оны Urso деп атады. Бұл құрал холеретик ретінде ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының басына дейін қолданылды, ал 1972 жылы ғалымдар тобы урсодезоксихолий қышқылы рентгенонегативті шағын тастарды жақсы ерітетінін мәлімдеді. Сол жылдан бастап УДХҚ-дан жасалынған препараттарды литолитикалық құрал ретінде қолданудың жаңа дәуірі басталды.

Урсодезоксихолий қышқылы – холестериннен синтезделенетін адам өтінің табиғи компоненті, урсодезоксихолий қышқылы өт қышқылдарының жалпы мөлшерінің шамамен 5% – ын құрайды.

Урсодезоксихолий қышқылы – өт қышқылдарының ішіндегі жалғыз уытты емес үшінші реттік өт қышқылы.

Урсодезоксихолий қышқылының әсер ету механизмі

Өт сұйықтығындағы холестерин деңгейін төмендету

Бауырда холестериннің синтезделуін төмендету

Холестериннің ішекте сіңірілуін төмендету

Өттің литогенділігін төмендету

Асқазан рефлюктатының жасуша жарғақшаларына зақым келтіру қабілетін төмендету

Өт шығару жүйесінде холестериннің ерігіштігін арттыру

Урсодекс®Жүктілік кезінде: жүктілік кезінде қолдануға болмайды.Лактация кезінде: егер препаратты қолдану қажет болса, емізуді тоқтату керек.

Урсодекс® Форте. Жүктілік кезінде: Урсодекс® Форте жүктілік кезінде айқын қажеттіліксіз қолдануға болмайды.Лактация кезінде: емізетін әйелдердің сүтіндегі урсодезоксихол қышқылының концентрациясы аз; осылайша, емшек сүтімен емізу кезінде балаларда жағымсыз реакциялардың пайда болуы екіталай.

Қарсы көрсеткіштер: 6 жасқа дейінгі балалар.

Пайдалану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқып шығыныз. Өз бетімен емделу денсаулығыңызға зиян тигізуі мумкін.

Урсодекс®. ҚР-ДЗ-0№025578 28.01.2022 жылдан басталады,қолдану мерзімі шектеусіз

Урсодекс® Форте. ҚР-ДЗ-5№018295 26.06.2019 жылдан басталады,қолдану мерзімі шектеусіз